Басқару серверінің параметрлері немесе дерекқор зақымдалған

Егер Басқару сервері параметрлердің немесе дерекқордың зақымдалуы нәтижесінде жұмысқа қабілетсіз болса (мысалы, қуат ақаулығы себебінен), қалпына келтірудің келесі сценарийін қолдану ұсынылады:

  1. Зақымданған құрылғыда файлдық жүйені тексеруді орындау.
  2. Басқару серверінің жұмысқа қабілетсіз нұсқасын деинсталляциялау.
  3. Сол түрдегі, сол немесе барынша жаңа нұсқадағы ДҚБЖ қолдана отырып Басқару серверін қайтадан орнату. Сол немесе барынша жаңа патчы бар Сервердің нұсқасын немесе барынша жаңа нұсқаны орнатуға болады. Орнатқан соң шебердің көмегімен бастапқы конфигурациялауды орындамаған жөн.
  4. Іске қосу мәзірінен klbackup сақтық көшірмелеу утилитасын іске қосыңыз және қалпына келтіруді орындаңыз.

Басқару серверін klbackup штаттық утилитасынан басқа кез келген тәсілмен қалпына келтіруге болмайды.

Серверді бөтен бағдарламалық жасақтаманың көмегімен қалпына келтірудің барлық жағдайларында Kaspersky Security Center таратылған бағдарламасының түйіндерінде деректердің синхронизациясы бұзылады.

Басына оралу